ТМККК
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру (МӘМС) жүйесі және кепілдік берілген ТЕГІН медициналық көмектің
жаңа моделі (ТМККК) енгізілді. Бұл барлық қазақстандықтарды сапалы медициналық
көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.
ТМККК шеңберінде медициналық көмек әрбір адамға шұғыл және кейінге қалдыруға
болмайтын жағдайларда, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін маңызы бар, яғни демографиялық
көрсеткіштердің нашарлауына және мүгедектікке әкелетін аурулар бойынша көрсетіледі.
⠀
ТМККК пакеті (тізбесі):
- жедел жәрдем және санитарлық авиация;
- алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК);
- шұғыл стационарлық көмек;
- паллиативтік көмек;
- әлеуметтік маңызы бар және кейбір созылмалы аурулар кезіндегі
медициналық көмектің толық спектрі.
15 жеңілдік санаты:
- Балалар.
- Тіркелген жұмыссыздар.
- Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер.
- Үш жасқа толғанға дейін балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар.
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыздар.
- Зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар ардагерлері.
- Жазасын өтеп жатқан тұлғалар.
- Тергеу изоляторларында отырған тұлғалар.
- Жұмыс істемейтін қандастар.
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын
«Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы»
ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар. - Мүгедектігі бар адамдар.
- Жоғары оқу орындары мен колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын
студенттер, магистранттар. - Әскери қызметшілер.
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлері және арнаулы мемлекеттік
органдардың қызметкерлері. - Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтетін жұмыссыздар.
Осы санаттағы тұлғалардың Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)
және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде
медициналық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Назар аудару қажет:
1. Егер сізде тұрақты табыс жоқ болса және мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін жоғарыда көрсетілген жеңілдікті санаттар тізіміне кірмесеңіз, онда медициналық қызметтердің толық пакетін алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) екінші деңгейдегі банктер арқылы өзіңіз дербес төлеуіңіз қажет.
Бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) мөлшері қала тұрғыны үшін 1 айлық
есептік көрсеткішті (2525 теңге) және ауыл тұрғыны үшін 0,5 айлық
есептік көрсеткішті (1 263 теңге) құрайды.
2. Егер сіз шаруа қожалығының иесі болсаңыз, аударымдар маусымдық қызметкерлер үшін олардың жұмыс істеген кезеңінде төленеді. Өзіңіз үшін ЖК ретінде, қызметкерлер үшін – жұмыс беруші ретінде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес еңбек шарты маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
Еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін қызметкерлерге 2020 жылғы 1 қаңтардан
бастап 1 ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде төлемдерді (жарналарды)
өз бетінше енгізу қажеттілігі туралы хабарлау маңызды.
3. Барлық азаматтар үшін:
— Сіз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған төлемдер
тарихын e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары
арқылы тексере аласыз.
— Сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық көмек ала аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
1414 – Call-орталық, тәулік бойы, Қазақстан бойынша кез келген
телефоннан қоңырау шалу тегін.
8(7212) 955-559 Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының
Call-орталығы, қоңыраулар 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (13:00-ден
14:30-ға дейін үзіліс).

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
«Қарағанды
облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесі енгізілетіні жөнінде хабарлайды.
Барлық ел азаматтары, мемлекет пен жұмыс берушілер – денсаулық
сақтау саласында ортақ жауапкершілікте болады.
Осыған байланысты сіздерге хабарлаймыз:
- әрбір азаматқа медициналық
сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, мемлекет кепілдік берген
медициналық қызметтер пакеті (ТМККК пакеті) шеңберінде медициналық көмек
қолжетімді болады. - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін төлеушілер
үшін ТМККК пакетінен тыс алуға кепілдік берілген: диагностиканың қымбат тұратын
әдістері (зертханалық зерттеулер, компьютерлік және магниттік-резонанстық
томография), жоғары технологиялық операциялар, оңалту медициналық көмегі.
Жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың санаттары:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған
жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап
алуға, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты
демалыстағы тұлғалар;
6) мүгедектігі бар баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін
тұлғалар;
7) бала жасынан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс
істемейтін тұлғалар;
8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектігі бар ардагерлері;
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде сот
үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар (қауіпсіздігі барынша төмен
мекемелерді қоспағанда);
10) тергеу изоляторларында отырған тұлғалар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе
бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы»
ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары
білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында
күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар;
15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.
Көңіл аудару қажет:
1. Егер сізде тұрақты табыс жоқ болса және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекет төлейтін азаматтардың
жоғарыда көрсетілген жеңілдікті санаттарының тізіміне кірмесеңіз, онда
медициналық қызметтердің толық пакетін алу үшін сізге Бірыңғай жиынтық төлемді
(бұдан әрі — БЖТ) екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке дербес төлеуіңіз қажет.
Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері (БЖТ) қала тұрғыны үшін 1 айлық
есептік көрсеткішті (2 525 теңге), ауыл тұрғыны үшін 0,5 айлық
есептік көрсеткішті (1 263 теңге) құрайды.
2. Егер сіз шаруа қожалығының иесі болсаңыз, аударымдарды
төлеу маусымдық қызметкерлер үшін олардың жұмыс істеген кезеңінде жүргізіледі.
Өзі үшін ЖК ретінде, қызметкерлер үшін – жұмыс беруші ретінде, Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексінің 30-бабының 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес еңбек
шарты маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалады.
Еңбек шарттарының мерзімі өткеннен кейін қызметкерлердің назарына
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде төлемдерді
(жарналарды) жеке дербес енгізу қажеттілігін жеткізу маңызды.
3. Барлық азаматтар үшін:
— Сіз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төлем
тарихын e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көріп
тексере аласыз.
— Сіз міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз:
1414 — Call-орталығы, тәулік бойы, Қазақстан бойынша кез келген
телефоннан қоңырау шалу тегін.
8 (7212) 955-559 Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының
Call-орталығы, қоңыраулар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (сағат
13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс).
