Профилактика бөлімі
Поликлиникадағы профилактика бөлімі — бұл халықтың денсаулығын сақтау және нығайтуға, сондай-ақ аурулар мен қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен айналысатын құрылымдық бөлімше.
Профилактика бөлімінің негізгі міндеттері:
Тіркелген халық арасында профилактикалық және скринингтік тексерулерді, иммунопрофилактиканы жүзеге асыру.
Ауруларды ерте кезеңде анықтау, аурулардың дамуының алдын алу, қауіп факторларын анықтау, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту.
Диспансерлік тексерулерді ұйымдастыру және өткізу.
Тіркелген халыққа психологиялық көмек және әлеуметтік қызметтер көрсету.
Денсаулық мектептерінің жұмысын бейіндер бойынша ұйымдастыру.
Халықтың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Қабылдауды бөлімнің тәжірибелі мамандары, жоғары және бірінші санатты дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жүргізеді.
Мамандар ауруларды ерте кезеңде анықтау және аурудың дамуын болдырмау мақсатында профилактикалық медициналық тексерулерден өтудің маңыздылығын түсіндіреді.
Белгілі бір пациенттер тобының денсаулық жағдайына белгіленген мерзімділікпен динамикалық бақылау жүргізіледі, кешенді тексерулер мен емдеуді түзету шаралары жүзеге асырылады.
Психологтармен бірлесіп диагностикалық әдістер арқылы тұлғаның психологиялық мәселелері анықталып, әртүрлі әдістер мен техникалар арқылы психокоррекциялық көмек көрсетіледі.
ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМІНІҢ ҚҰРАМЫНА МЫНАЛАР КІРЕДІ:
Скрининг кабинеті.
Дәрігерге дейінгі кабинет.
Әйелдерді қарау кабинеті.
Ерлерді қарау кабинеті.
Салауатты өмір салты кабинеті.
Психолог кабинеті.
Әлеуметтік қызметкер кабинеті.
Диспансерлік кабинет.
Егу және иммундық кабинеттер.
4 мектеп: №104, №27, №81, №57 және 2 балабақша: «Гүлдер» және «Айгөлек».
СКРИНИНГ КАБИНЕТІ
Кабинеттің қызметі тіркелген халықтың профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Скринингтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 шілдедегі №71 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.
Жатыр мойны обырын ерте анықтау
Жатыр мойнының қатерлі ісіктері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын, 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жасқа толатын әйелдер 4 жылда 1 рет тексеруден өтеді.
Сүт безі обырын ерте анықтау
Сүт безінің қатерлі ісіктері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жасқа толатын әйелдер 2 жылда 1 рет тексеруден өтеді.
Колоректалдық обырды ерте анықтау
Тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жасқа толатын ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет тексеруден өтеді.
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау
Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлықтық қауіп факторлары бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жасқа толатын ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет тексеруден өтеді.
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау
Қауіп топтары 6 айда 1 реттен жиі емес мерзімділікпен тексеріледі:
1. Медицина қызметкерлері:
Қан қызметі ұйымдарында инвазиялық процедуралар жүргізетін, қан өңдеуге қатысатын қызметкерлер.
Гемодиализбен айналысатын қызметкерлер.
Хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндегі, сондай-ақ диагностиканың және емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін қызметкерлер.
Клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың қызметкерлері.
2. Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін пациенттер.
3. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-қан тамырлары және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері.
4. Қан құю, трансплантация және ағзаларды немесе ағзалардың бөліктерін, тіндерді, жыныстық, фетальдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды ауыстырып салу қызметтерін алатын пациенттер.
5. Жүкті әйелдер.
6. Өмір салты ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары негізгі халық топтарына жататын адамдар.
Ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтау
Цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жасқа толатын ер адамдар 2 жылда 1 рет тексеруден өтеді.
ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КАБИНЕТ
Пациентті алғашқы қабылдау, халықты профилактикалық медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Антропометрия жүргізіледі: салмақ пен бой өлшенеді. Көз қысымы және артериялық қан қысымы өлшенеді, көрсетілімдер бойынша ЭКГ жасалады. Қандағы қант пен холестерин деңгейі анықталады.
ӘЙЕЛДЕРДІ ҚАРАУ КАБИНЕТІ
Кабинеттің негізгі міндеті — әйелдерге профилактикалық тексеру жүргізу арқылы гинекологиялық, ісік алды және онкологиялық ауруларды ерте визуалды анықтау.
ЕРЛЕРДІ ҚАРАУ КАБИНЕТІ
Кабинеттің негізгі міндеті — барлық ер адамдарға профилактикалық тексеру жүргізу арқылы ісік алды және ісік ауруларын дамуының ерте кезеңінде анықтау.
ДИСПАНСЕРЛІК КАБИНЕТ
Белгілі бір пациенттер тобының денсаулық жағдайына белгіленген кезеңділікпен динамикалық бақылау жүргізеді. Кешенді тексерулер мен емдеуді түзету шаралары жүзеге асырылады.
ПСИХОЛОГ КАБИНЕТІ
Психолог диагностикалық әдістер арқылы тұлғаның психологиялық мәселелерін анықтайды және әртүрлі әдістер мен техникалар арқылы психокоррекциялық көмек көрсетеді:
Психожарақаттаушы эмоциялық жағдайларды түзету.
Қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар.
Реніштермен, қорқыныштармен жұмыс.
Посттравматикалық синдром.
Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас мәселелері.
Әйелдерге жүктілікке дайындық кезеңінде, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде мамандандырылған психологиялық көмек көрсету.
Әртүрлі фобиялар мен қорқыныштарды еңсеруге көмек көрсету.
Психологиялық жарақаттармен жұмыс.
Депрессиялық жағдайлар.
Отбасылық қарым-қатынастағы қиындықтар.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Әлеуметтік қызметкердің міндеті — тіркелген халыққа мамандандырылған әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек алуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік қызметкер клиенттің мәселелері мен қажеттіліктеріне кешенді бағалау жүргізеді, қауіп және қорғаныс факторларының деңгейін зерделейді, әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлайды. Атап айтқанда, әлеуметтік диагностика, әлеуметтік араласу, әлеуметтік диагноз қою, әлеуметтік терапия және әлеуметтік патронаж әдістері қолданылады.
Сондай-ақ пациенттің жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті әлеуметтік қызметтерді әкімшілендіру жұмыстары жүргізіледі.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ КАБИНЕТІ
Кабинет халық арасында санитариялық-гигиеналық тәрбие беруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және өткізеді.
Денсаулық мектептері жұмыс істейді, онда келесі тақырыптар бойынша топтық сабақтар өткізіледі:
«Артериялық гипертензия» мектебі.
«Бронх демікпесі» мектебі.
«Қант диабеті» мектебі.
«Жас ана» мектебі.
«Босануға дайындық» мектебі.
«Отбасын жоспарлау» мектебі.
«Мінез-құлықтық қауіп факторлары» мектебі.
Егде жастағыларға арналған «Ұзақ өмір сүру клубы» мектебі.
«Инсульт» мектебі.
Баланы дамыту кабинеті.
ИММУНОПРОФИЛАКТИКА
Ересек халыққа декреттелген жас кезеңдерінде, яғни 26, 36, 46, 56 жаста дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасы салынады.
Балаларға профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес туғаннан бастап дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, гепатитке, қызылшаға және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы екпелер жүргізіледі.
Вакцинация туралы толық ақпаратты egu.kz сайтынан білуге болады.