Қызылшаның алдын алу / Профилактика кори

Бүгінгі таңда Қазақстандағы қызылшаға қатысты ағымдағы эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 2023 жылдың басынан бері республика бойынша қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді. Оның 81 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда немесе 16 351 жағдай. Жасөспірімдер арасында 706 жағдай немесе 3,4%, ересек тұрғындар, яғни 18 жастан асқандар арасында 15,4% тіркелді, бұл 3131 жағдай. Келтірілген себептердің қатарында вакцинация деңгейінің төмендеуі де бар.
Қызылшаның алдын алу
Инфекциямен күресудің ең күшті, қол жетімді және тиімді әдісі — вакцинация. Біздің елімізде профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқы егуді 12 айында алады, ал ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.
18 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда) ауырмаған, екпе алмаған, бір рет егілген немесе қызылшаға қарсы егу туралы ақпараты жоқ ересектер екі рет егіледі.
Тәуекел тобына жататын 36 жастан 55 жасқа дейінгі (қоса алғанда) адамдар да екі рет иммундалады. Бұл медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда, көлік, коммуналдық және әлеуметтік сала қызметкерлері, вахталық жұмысшылар мен шекара бақылаушылары.
Ересектерде қызылшаға қарсы екпе үш айлық үзіліспен екі кезеңде жүргізіледі.
На сегодня сложившаяся эпидемиологическая ситуация по кори в Казахстане остается сложной. С начала 2023 года по республике на сегодня зарегистрировано 20 188 случаев кори. Из них 81% приходится на детей до 14 лет, или 16 351 случай. Среди подростков зарегистрировано 706 случаев, или 3,4% и 15,4% зарегистрировано среди взрослого населения, то есть старше 18 лет — это 3131 случай. Среди причин названо снижением уровня вакцинации.
Профилактика кори
Наиболее мощным, доступным и эффективным методом борьбы с инфекцией является вакцинация. В нашей стране в соответствии с Национальным календарем профилактических прививок первую прививку против кори дети получают в 12 месяцев, ревакцинацию им проводят в 6 лет.
Взрослые — не болевшие, не привитые, привитые однократно или не имеющие сведений о прививках против кори — должны прививаться двукратно в возрасте с 18 лет до 35 лет (включительно).
Также двукратно иммунизируются люди в возрасте с 36 лет до 55 лет (включительно), относящиеся к группам риска. Это работники медицинских и образовательных учреждений, торговли, транспорта, коммунальной и социальной сферы, вахтовики и сотрудники погранконтроля.
Вакцинация кори у взрослых проводится в два этапа с перерывом в три месяца.