Dari.kz мобильді қосымша

«DARIKZ» мобильді қосымшасы Android және IOS платформаларында ақысыз негізде Қазақстан Республикасының тұрғындарына арналған. Осы мобильді қосымшаның көмегімен кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрі-дәрмектердің бүкіл тізімін көре алады.
Пайдаланушы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа, орамның орналасуына, қолдану тәсілдеріне, сертификаттарға, дәрі-дәрмектердің толық атауына, өндіруші туралы ақпаратқа, тіркеу куәлігінің нөміріне, аналогтар тізіміне, баға шектеріне және тағы басқаларға қол жеткізе алады.
