Иммундау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.
Әрбір ата-ана баласына екпе салдыру немесе салдырмау таңдауымен бетпе-бет келеді. Назарларыңызға иммундау бойынша жиі қойылатын бірнеше сұрақ пен мамандардың оларға берген жауаптарын ұсынамыз:
Иммундау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.
Әрбір ата-ана баласына екпе салдыру немесе салдырмау таңдауымен бетпе-бет келеді. Назарларыңызға иммундау бойынша жиі қойылатын бірнеше сұрақ пен мамандардың оларға берген жауаптарын ұсынамыз:
Жауап:
Вакцинация – бұл жұқпалы аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда оларды оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Қандай инфекцияларға және қай мерзімде екпе салынатыны Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы бекітіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Профилактикалық екпе жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын және жоспарлы екпелерге жататын халық топтарын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысы).
Халықты вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 21 жұқпалы ауруға қарсы тегін жүргізіледі.
Қазақстанда халықты иммундау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу рәсімі – бұл бірнеше кезеңнен тұратын күрделі үдеріс және оған еліміздегі ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған Республикалық иммунобиологиялық зертханада вакциналардың сапасын зертханалық бақылаудан өткізу кіреді.
Қауіпсіздік пен тиімділікке терең талдау жүргізіледі, қосалқы заттарға, тұрақтылыққа, ерекшелігіне, сезімталдығына және т.б. баға беріледі. Тіркеуге ұсынылатын вакцина өндіруші елде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, сондай-ақ өндіруші елде және басқа елдерде клиникалық қолдану деректері болуы керек. Сонымен қатар, вакциналардың сапасы эпидемиологиялық тиімділік деректерімен – яғни, вакциналарды қолдану нәтижесінде сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуімен де расталуы тиіс.
Балаларды сапасы кепілдендірілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған өндірістен шыққан вакциналар сатып алынады. Айта кету керек, Қазақстанда түрлі медициналық салалардағы ғалымдар кіретін Ұлттық иммундау жөніндегі консультативтік комитет (ҰИЖКК) құрылған. Бұл комитет вакциналарды қолданудың халықаралық тәжірибесін, жаңа және қолданыстағы вакциналардың тиімділігін жан-жақты зерттейді және осының негізінде Ұлттық екпе күнтізбесін жетілдіру, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру бойынша мемлекеттік органға ұсыныстар береді.
Жауап:
Профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері кездейсоқ белгіленбейді. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған және мұқият зерттелген ғылыми деректерге негізделген. Мысалы, анадан берілетін антиденелер бала ағзасында қысқа уақыт сақталады: дифтерияға қарсы – 2-3 ай, қызылшаға қарсы – 6 айға дейін, ал туберкулез бен «В» гепатитіне қарсы бала мүлдем қорғаныссыз туылады.
Осы ерекшеліктер вакцинация мерзімін белгілеу кезінде ескеріледі. Соған сәйкес, бала туберкулез бен «В» гепатитіне қарсы алғашқы күндерінде, ал дифтерияға қарсы 2-3 айлығында егіледі.
Қазақстанда вакцинация жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысымен бекітілген «Профилактикалық екпе жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын және жоспарлы екпелерге жататын халық топтарын бекіту туралы» құжатпен айқындалады.
Жауап:
Қазіргі уақытта әлемде көптеген елдер бір доза құрамында бірнеше антигені бар біріктірілген вакциналарды қолдану арқылы вакцинацияға көшуде. Мұндай вакциналар инъекция санын азайтуға, екпеге байланысты жалпы реакциялар жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді және бір уақытта бірнеше инфекцияға қарсы иммунитет қалыптастырады. Алайда, мұндай вакциналардың құны жоғары болғандықтан, барлық елдердің оларды қолдануға мүмкіндігі бола бермейді.
Бала ағзасының иммундық жүйесі 10⁹–10¹¹ антигенге қарсы арнайы антиденелер түзетін жауап бере алады, ал біріктірілген вакциналар арқылы ағзаға бар болғаны 25 антигенге дейін енгізіледі. Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда ацеллюлярлы (жасушасыз) АКДС вакцинасы қолданылады, ал бұған дейін (2013 жылға дейін) қолданылған толық жасушалы көкжөтел компоненті бар АКДС вакцинасы шамамен 3000 антигеннен тұрады. Бұдан бөлек, қазіргі біріктірілген вакциналардың негізгі өндірушілері – Еуропа елдері (Франция, Ұлыбритания, Бельгия).
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 156-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде алуға құқылы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулықты қорғау құқығына ие және заңмен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.
Профилактикалық екпе егудің алдында медицина қызметкері егілетін адамды тексереді. Медицина қызметкері оған немесе оның заңды өкіліне профилактикалық екпе туралы, ықтимал жанама әсерлері, одан бас тартудың салдары, екпеден кейінгі асқынулар туралы толық әрі объективті ақпарат береді.
Профилактикалық екпе жүргізудің шарты – жазбаша түрде келісім беру немесе бас тарту. Иммунитет әр адамда жеке қалыптасады және нақты адамды жеке қорғайды. Сонымен бірге, ұжымдық (популяциялық) иммунитетті қалыптастыру мәселесі маңызды. Ұжымдық (популяциялық) иммунитет – бұл қауымдастықтың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті, ол мақсатты күнтізбелік жастағы тұлғалар мен қауіп тобына жататын адамдарды жоғары деңгейде вакцинациялау арқылы қол жеткізіледі. Бұл инфекцияның бір сезімтал адамнан екіншісіне берілу және таралу қаупін азайтады.
Екпелер тек өз денсаулығы үшін ғана емес, қоғам денсаулығы үшін де жүргізіледі (ауырып қалған адам инфекция көзіне айналып, басқа адамдарға қауіп төндіруі мүмкін). Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін иммундауға жататын халықтың кемінде 95%-ын қамту қажет.
Иммундаумен халықты толық қамтуды қамтамасыз етпесек, әсіресе бірнеше жыл қатарынан, инфекцияға сезімтал адамдар саны жиналып, жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін екенін есте сақтау керек.
Адамзат тарихы көрсеткендей, денсаулық сақтау саласында иммундау сияқты аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін тиімді әрі қауіпсіз төмендететін басқа әдіс жоқ. Вакцинация деңгейінің төмендеуі ұжымдық қорғаныстың жоғалуына және соның салдарынан жұқпалы аурулардың қайта пайда болуы мен таралуына әкеледі.
Өз уақытында Қазақстанда иммундау үдерісінің бұзылуы салдарынан сезімтал адамдар саны көбейіп, дифтерия ауруының өршуіне алып келді — 1995 жылы республикада 1105 адам ауырып, оның 66-сы қайтыс болды. Иммундаудың арқасында қызылша бойынша өршу көрсеткішін бақылауға алу мүмкін болды: 2016 жылы қызылшамен сырқаттанушылық 2015 жылмен салыстырғанда 19,5 есе төмендеді (2015 ж. – 2341 жағдай, 201
Жауап:
Ата-аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Сонымен қатар, ұйымдасқан ұжымда жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда, егілмеген балалардың ауыр асқынулармен және өлім жағдайларымен өтуі мүмкін инфекцияға шалдығу қаупі өте жоғары екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты, егілмеген балалар жұқпалы аурулар тоқтағанға дейін балалар мекемелеріне барудан шеттетіліп отыруы тиіс, себебі олар инфекциядан қорғалмаған.
Жұқпалы аурулардың өршуіне жол бермеу мақсатында, балаларды ұйымдасқан ұжымдарға профилактикалық екпелерден кейін қабылдау ұсынылады.
Жауап:
Жеке клиникалар мен мемлекеттік емханаларда қолданылатын вакциналардың сапасы мен тиімділігінде ешқандай айырмашылық жоқ. 2013 жылға дейін жеке клиникаларда реактогендігі төменірек болған, бірақ инфекциядан қорғау жағынан бірдей тиімді жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакциналар қолданылған болса, 2013 жылдан бастап Қазақстанда барлық жерде, соның ішінде мемлекеттік емханаларда да жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакциналарға көшу жүзеге асырылды. Бұл вакциналар толық жасушалы вакциналарға қарағанда едәуір қымбат болса да қолданылуда.
Сондықтан қазіргі уақытта республикадағы мемлекеттік емханаларда да заманауи, жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакциналар (пента және гекса вакциналар) қолданылады.
Сонымен қатар, балаларды сапасы кепілдендірілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған өндірістерден шыққан вакциналар сатып алынады.
Жауап:
Әрбір елдің бекітілген профилактикалық екпе күнтізбесі бар. Елдің өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым профилактикалық екпелер жүргізілетін жұқпалы аурулар тізімі кең болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді және дамыған елдердің, соның ішінде Батыс елдерінің (Австрия, Израиль, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестелерімен ұқсас.
Батыс Еуропа елдерінің екпе күнтізбелері Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесінен ерекшеленеді, өйткені оларда профилактикалық екпе жүргізілетін инфекциялар тізімі кеңірек: мысалы, қосымша түрде су шешегіне, ротавирус инфекциясына, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялар енгізілген.
Кейбір елдер профилактикалық екпесі жоқ адамдарға кіруге тыйым салады. АҚШ пен Ұлыбританияда оқу орындарында білім алу үшін барлық профилактикалық екпелердің болуы міндетті.
Америкада білім алу үшін студенттерде барлық профилактикалық екпелердің болуы талап етіледі.
Сауд Арабиясына қажылыққа бару үшін менингококк инфекциясына қарсы вакцинация талап етіледі, ал Бразилия, Боливия, Колумбия, Кения және Африка құрлығының басқа елдеріне кіру үшін сары безгекке қарсы вакцинацияның болуы қажет.
Қазақстан Республикасы – халықты вакцинациялау толықтай мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін әлемдегі санаулы елдердің бірі. Иммундау саласындағы мемлекеттік саясат жұқпалы аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда оларды оқшаулауға және жоюға бағытталған.
Жауап:
Вакциналар – бұл белгілі бір жұқпалы аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерден немесе олардың компоненттерінен (қабықшасының бөлшегі, гені) дайындалған препараттар. Бірақ вакцинаның ауру туғызбай, иммунитет қалыптастыру қасиетіне ие болуы үшін инфекция қоздырғышы әлсіретіледі немесе жойылады.
Дайындау технологиясына байланысты вакциналар бірнеше топқа бөлінеді: тірі және өлі вакциналар. Вакцинаның тұрақтылығын және стерильдігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына антигеннен бөлек арнайы заттар – консерванттар қосылады. Ең кең таралған консервант – мертиолят, сынаптың этил қосылысы, ол бактерицидтік қасиетке ие және 1930-жылдардан бастап вакциналарда, көзге арналған тамшыларда, линзаларды шаюға арналған сұйықтықтарда қолданылады. Вакцинаның бір дозасындағы мертиолят мөлшері өте аз – 0,003–0,01%. Бұл мөлшер адамның тәулігіне ауа мен тағам арқылы қабылдайтын сынап туындылары мөлшерінен аспайды.
Мертиолят ішек арқылы бір апта ішінде белсенді түрде шығарылады. Ол тек көпдозалы орамдағы вакциналарда қолданылады.
Айта кету керек, Қазақстанда балаларды вакцинациялау үшін қолданылатын вакциналар бірдозалы орамда шығарылады және олардың құрамында мертиолят жоқ. Сонымен қатар, вакциналарда антигендер өсірілетін қоректік орталардан қалған заттардың, сондай-ақ өндіру процесінде қолданылған антибиотиктердің іздік мөлшері болуы мүмкін. Бұл заттар қажетсіз және олар заманауи тазарту әдістері арқылы жойылады.
Бүгінгі таңда қолданылып жатқан вакциналар тіпті 20 жыл бұрын қолданылған вакциналармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары тазартудан өткен. Тазарту процесі өндірушілер тарапынан да, вакциналарды импорттайтын елдер тарапынан да қатаң бақыланады.
Жауап:
АКДС вакцинасының құрамындағы компоненттер көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл аурулармен ауырған жағдайда ауыр асқынулар болуы мүмкін: – көкжөтелден кейін балаларда өкпе қабынуы (пневмония) – 20%, жүйке жүйесінің зақымдануы – 0,7–76%, өлім-жітім – 0,25–4%; – дифтериядан кейін жүрек зақымдануы – 60%-ға дейін, жүйке жүйесінің зақымдануы – 75%-ға дейін, өлім-жітім – 30%-дан жоғары; – сіреспеден кейін өлім-жітім өте жоғары – 25–70%. Сондықтан бұл инфекцияларға қарсы вакцинациядан бас тартуға болмайды.
Посткеңестік кеңістікте Қазақстан — Иммундау жөніндегі Ұлттық консультативтік комитеттің ұсынысы бойынша жасушасыз көкжөтел компоненті бар АКДС вакциналарына көшкен жалғыз ел, бұл вакциналар толық жасушалы вакциналарға қарағанда әлдеқайда қымбат болса да.
Бұдан бөлек, АКДС вакцинасы бес және алты компоненттен тұратын біріктірілген вакциналардың құрамына кіреді, олармен иммундау кезінде бірден бірнеше инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасады. Бұл баланың психологиялық жарақат алу қаупін азайтады, сондай-ақ иммундаудан кейін жағымсыз реакциялар туындау қаупін төмендетеді.
Жауап:
Вакциналарды сақтайтын және тасымалдайтын барлық ұйымдар (жеткізуші қоймалар), сондай-ақ иммундау жүргізетін мекемелер (емханалар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, ФАП-тар) эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға жатады және оларды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары жылына кемінде 2 рет арнайы тәртіппен тексереді. Вакциналарды сақтау және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде олар «суық тізбек» талаптарына (яғни +2-ден +8 градусқа дейінгі Цельсий температурасы жағдайында) сай суықта жеткізіледі.
Тиісті температуралық режимді қамтамасыз ету үшін вакцина жеткізушілері мен барлық медицина қызметкерлері суық тізбек талаптары бойынша арнайы нұсқамадан (оқытудан) өтеді. Вакциналарды алыс қашықтықтарға тасымалдау үшін арнайы авторефрижераторлар, ал сақтау үшін арнайы термоконтейнерлер бар, олар жол жүру кезінде (қалаларға да, ауылдарға да) оңтайлы температуралық режимді ұстап тұруға мүмкіндік береді. Вакциналарды сақтайтын барлық орындарда (қоймаларда) арнайы тоңазытқыш жабдықтар (камералар, бөлмелер, тоңазытқыштар, мұздатқыштар) орнатылған және онда күн сайын күніне екі рет температуралық режимнің сақталуы тексеріледі.
Барлық егу кабинеттері (қалада да, ауылда да) вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен және тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен жабдықталған.
Жауап:
Жыл сайын республика бойынша балаларын вакцинациялаудан бас тартатын ата-аналардың саны артып келеді, көбінесе діни себептерге байланысты. Жеткен жетістіктерге байланысты жұқпалы аурулардың қаншалықты ауыр өткенін ұмыта бастадық. Аурулар мүлде жойылды деген жалған әсер қалыптасты. Сәйкесінше, иммундаудың қажеттілігіне күмән туындай бастады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – ТҚҚК) және оның аумақтық органдары вакцинациядан бас тарту динамикасы мен себептеріне мониторинг жүргізеді. 2016 жылы Қазақстан Республикасында профилактикалық екпеден 9685 бас тарту тіркелген, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға жоғарылаған (2015 ж. – 8383). Ең көп бас тартулар 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 3982 (41,1%), 1–2 жас – 2570 (26,5%), 2–5 жас – 2072 (21,4%), 6–15 жас – 617 (6,3%), 16 жастан жоғары – 444 (4,6%). Өңірлік мәліметтерді талдау барысында жоғары үлес салмақ Актөбе облысында – 19,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 13,2%, Маңғыстау облысында – 11,5% және Алматы қаласында – 12,9% тіркелгені анықталды.
Бас тартудың негізгі себептері: жеке сенімдер – 45% (4360), діни сенімдер – 42,9% (4151), бұқаралық ақпарат құралдарынан (интернет-ресурстар, баспасөз, телеарна) алынған теріс ақпарат – 6,2% (600), вакциналарға сенімсіздік білдіргендер – 6,1% (589).
Вакцинациядан діни себептермен бас тарту мәселесі республиканың батыс өңірлерінде өзекті күйінде қалып отыр, мұнда бұл көрсеткіш 80%-дан жоғары. Мысалы, Атырау облысында – 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстан облысында – 89,3% бас тарту діни себептермен болған. Оңтүстік Қазақстан облысында да бұл көрсеткіш жоғары – 71,3%.
Айта кету керек, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан діни қауымдастық өкілдерімен белсенді жұмыс жүргізілуде. Кездесулер барысында дін өкілдері вакцинацияға қатысты діннің оң көзқарасы туралы ақпаратты жеткізіп, бұл мәліметтер халыққа дін өкілдерінің аузынан таратылады.
Вакцинацияға қарсы белсенді түрде шығатындар – радикалды діни ағымдардың өкілдері екені анықталды. Осыған байланысты бұл топтағы адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қиындық тудырады (олардың вакцинацияға тыйым салу жөнінде нақты ұстанымы бар, бұл мәселе бойынша диалогқа келу қиын).
Сонымен қатар, баласына вакцина салдыру мәселесін шешкенде ең алдымен ғылыми негізделген ақпарат көздеріне, вакцинопрофилактика саласындағы ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарына сүйену қажет. Ал интернеттен алынған, нақты ғылыми деректерге немесе зерттеулерге негізделмеген, көбінесе медициналық білімі жоқ кездейсоқ адамдардың таратқан ақпараттарына сенуге болмайды.
Материал Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтынан алынды.