Қарағанды қаласындағы №5 қалалық емханасы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Жоспарлы қуаттылығы – ауысымына 500 қабылдау. 2012 жылдың сәуір айынан бастап емхана коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып өзгертілді.
МИССИЯ:
«Әрбір пациентке қамқорлықпен денсаулық, үміт пен амандық сыйлау»
МАҚСАТТАР:
- Халықаралық стандарттар деңгейінде ауруларды диагностикалау мен емдеудің ұтымды нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу негізінде тіркелген халыққа әлеуметтік бағытталған сапалы алғашқы медициналық-санитариялық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету;
- Ана мен баланың денсаулығын қорғау.
- Қызмет көрсетілетін халықтың денсаулығын сақтау және нығайту.
- Алдын алу тексерістерін сапалы және толық өткізу арқылы алғашқы медициналық-санитариялық көмектің профилактикалық бағытын жетілдіру.
- Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру.
- Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен ересек халық арасындағы онкология, БСК секілді аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болуды азайту, нәресте мен ана өлімінің алдын алу.
- Пациенттерге медициналық көмек көрсетудің оң нәтижелеріне қол жеткізу.
- Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Әлеуметтік бағытталған алғашқы медициналық-санитариялық көмек негізінде медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.
- Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
- Емхананы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
- Емхананы қымбат жабдықтармен жарақтандыру.
МІНДЕТТЕР:
- Тіркелген халыққа емдеу мен алдын алудың сапасын жақсарту.
- Әйелдердің денсаулығын нығайту.
- Балалардың денсаулығын нығайту.
- Госпитализация деңгейін төмендету, алғашқы медициналық көмек деңгейінде басқарылатын аурулар кезінде өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.
- Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау.
- Туберкулезге қарсы күрес.
- Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу.
- Салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен байланысты әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейін төмендету мәселелері бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекеттесу.
- Халыққа профилактикалық тексерістер жүргізу.
- Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің жаңа моделін жетілдіру.
- АМСК қаржыландыруды жетілдіру.
- Медициналық қызметтердің сапасын арттыру.
- Медициналық көмектің сапасы мен мәдениетін арттыру, қазіргі заманғы медициналық ғылым мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру жетістіктерін тәжірибеге енгізу, санитариялық-гигиеналық нормаларды және салауатты өмір салтын халыққа насихаттау.
- Халық үшін медициналық көмектің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
- Қызмет көрсету сапасы мен халықтың қанағаттануын арттыру арқылы емхананың басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру.
- Дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу.
- Біздің мекеме ауруларды тексеру мен емдеудің жаңа ғылыми технологияларының сенімді және кепілдендірілген көзі болып табылады.
- Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, біз басты міндетімізді тексеруді және емдеуді қажет ететіндердің барлығына білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету деп санаймыз. Ұйымның күш-жігері халықты тексеру, денсаулық көрсеткіштерінің ауытқуын ерте анықтау, сапалы тиімді медициналық көмек көрсету және профилактикалық қызметті жүзеге асыру арқылы адамдардың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
- Командалық рух – емхананың қызмет нәтижесі үшін ортақ жауапкершілік
- Кәсібилік – өзін-өзі дамыту және кәсіби білімді жетілдіру бағытындағы тұрақты жұмыс
- Жаңашылдық – адамның шығармашылық қабілеті мен дарынын көрсетуге жағдай жасау
- Тәлімгерлік – еңбек мәдениеті мен корпоративтік құндылықтарды сіңіру және тәжірибе алмасу
- Жеке тұлғаның қадір-қасиетіне, құқықтары мен бостандығына құрметпен қарау