Акушерлік-гинекологиялық бөлімше

Акушерия және гинекология бөлімі Қарағанды қаласындағы №5 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Акушерлік-гинекологиялық бөлім тіркелген контингенттің әйелдер қауымына МӘМС және ТМККК шеңберінде білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді.

 

Бөлімде 14 қызметкер жұмыс істейді:

  • Бөлім меңгерушісі
  • Акушер-гинеколог дәрігерлері
  • Маммолог
  • Жүкті әйелдер терапевті
  • Акушерлер

 

Қабылдауды амбулаториялық жағдайда жұмыс тәжірибесі мол, жоғары білікті, диагностикалау мен емдеудің барлық әдістерін меңгерген, жүкті әйелдер мен босанғандарға жедел медициналық көмек көрсете алатын мамандар жүргізеді.

 

Акушерлік-гинекологиялық бөлімде 4 мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық учаске, жүкті әйелдерге арналған терапевт кабинеті, жатыр мойны патологиясы кабинеті, УДЗ кабинеті, ұрықтың КТГ жазу кабинеті, отбасын жоспарлау кабинеті мен «Босануға дайындық мектебі», маммолог және психолог кабинеттері жұмыс істейді.

 

Ультрадыбыстық зерттеулер Корея Республикасының Ultrasound Korea Ltd компаниясының Voluson 8GE сараптамалық класты аппаратымен жүргізіледі. Аппарат 2D және 3D көлемдік реконструкция режиміне арналған датчиктермен жабдықталған. Түрлі-түсті допплерлік карта көмегімен ұрықтың туа біткен жүрек ақауларын ерте анықтау мүмкіндігі бар.

 

Ұрықтың кардиотокограммасы FC 1400 Bionet фетальды мониторы арқылы жазылады, бұл ұрықтың құрсақішілік жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

 

Жатыр мойны патологиясы кабинетінде гинекологияда қолданылатын, қынап қабырғалары мен жатыр мойнының вагиналды бөлігін 60 есеге дейін үлкейтіп кеңейтілген визуалды қарау жүргізілетін диагностикалық процедура орындалады. Зерттеу барысы Корея Республикасының Dr. Camscope DCS видеоскопиялық құрылғысы арқылы бейнежазбаға түсіріледі. Заманауи видеокольпоскопиялық жүйелер жоғары ажыратымдылықтағы бейнежазба жүргізіп, автоматты түстік теңгеріммен нақты визуалды қарауға тең кескін береді. Мұндай бейнежазба гинекологтарға келесі мүмкіндіктерді ашады:

  • бастапқы патологиялық құрылымдық өзгерістерге күмән тудыратын аймақтарды неғұрлым егжей-тегжейлі қарау;
  • емдік терапия барысында динамиканы бағалау үшін қарау нәтижелерін тіркеу;
  • диагностикалық тұрғыдан күрделі жағдайларда қашықтан әріптестерді тарту мүмкіндігі. Сондай-ақ видеокольпоскопия босанудан кейінгі немесе отадан кейінгі жыртылулар мен тыртықтарды бақылау үшін қолданылады.

 

Жан-жақты тексеру болашақ ана мен ұрықтың жағдайы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл түрлі патологияларды анықтап, уақтылы ем жүргізуге жол ашады.

 

Жоспарлы кеңестерден бөлек бөлімде келесілер жүргізіледі:

  1. «Босануға дайындық мектебінде» оқыту жоғары санатты акушер-гинеколог Абдикова Бибігүл Газизқызының жетекшілігімен жүргізіледі. Белгісіз нәрседен қорқу жүкті әйелдерде жүктілік пен босану асқынуларының артуына және нәтижесінде медициналық араласуды қажет етеді. Көптеген болашақ аналарға босануға дейінгі білім қажет, бұл босану барысындағы жағдайлар, ауырсынуды басу тәсілдері, жаңа туған нәрестеге күтім және емізу туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Бала дүниеге келуі – әйел өміріндегі маңызды оқиға. Босану – физикалық, психологиялық, эмоциялық, әлеуметтік және мәдени аспектілері бар көпқырлы үдеріс. Дайындық сабақтарына қатысу жүктілік туралы білім деңгейін арттырып, босанудан бұрынғы қорқыныш пен алаңдаушылықты жеңуге көмектеседі.
  2. Акушер-гинекологтар жүктілікке дейінгі дайындық жүргізеді. Бұл – ерлі-зайыптыларды дені сау баланы ойдағыдай көтеруге және дүниеге әкелуге дайындауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдік шаралар кешені.

Жазыбекова Нұргүл Мұхажанқызы

ОМиД басшысы

Муханова Гүлмира Тұрсынғалиқызы

Аға акушер

Кучеренко Татьяна Дмитриевна

Акушер-гинеколог

Абдикова Бибігүл Ғазизқызы

Дәрігер акушер гинеколог

Сатова Айнагүл Әбдікерімқызы

Дәрігер акушер гинеколог