Күндізгі стационар екі ғимаратта орналасқан, Муканова көшесі — 5/4
Гарантталған тегін медициналық көмек (ГОБМП) шеңберінде білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ ақылы қызметтер де көрсетіледі.
Күндізгі стационар бөлімдерінің профилі:
- терапевтік
- педиатриялық
- хирургиялық
- гинекологиялық
Күндізгі стационарға жатқызу үшін келесі құжаттар болуы тиіс:
- Ауруды көрсетуімен жіберу қағазы
- Жеке басын куәландыратын құжат
- Қан талдауы (клиникалық) (зерттеу нәтижелері – 10 күнге дейін жарамды)
- Зәр талдауы (зерттеу нәтижелері – 10 күнге дейін жарамды)
- Қанның биохимиялық талдауы – мочевина, креатинин, билирубин, қант, жалпы ақуыз, АЛТ, АСТ, бауыр сынақтары (зерттеу нәтижелері – 10 күнге дейін жарамды), Вассерман реакциясы, HVC, Hbs-Ag, ВИЧ (зерттеу нәтижелері – 3 айға дейін жарамды)
- ЭКГ (зерттеу нәтижелері – 10 күнге дейін жарамды)
- Флюорография (зерттеу нәтижелері – 1 жылға дейін жарамды)
- Қосымша зерттеулер тізімі ауру түріне байланысты