Миссиясы мен мақсаттары

Қарағанды қаласындағы №5 қалалық емханасы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Жоспарлы қуаттылығы – ауысымына 500 қабылдау. 2012 жылдың сәуір айынан бастап емхана коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып өзгертілді.

 

МИССИЯ:

«Әрбір пациентке қамқорлықпен денсаулық, үміт пен амандық сыйлау»

 

МАҚСАТТАР:

  • Халықаралық стандарттар деңгейінде ауруларды диагностикалау мен емдеудің ұтымды нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу негізінде тіркелген халыққа әлеуметтік бағытталған сапалы алғашқы медициналық-санитариялық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету;
  • Ана мен баланың денсаулығын қорғау.
  • Қызмет көрсетілетін халықтың денсаулығын сақтау және нығайту.
  • Алдын алу тексерістерін сапалы және толық өткізу арқылы алғашқы медициналық-санитариялық көмектің профилактикалық бағытын жетілдіру.
  • Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру.
  • Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен ересек халық арасындағы онкология, БСК секілді аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болуды азайту, нәресте мен ана өлімінің алдын алу.
  • Пациенттерге медициналық көмек көрсетудің оң нәтижелеріне қол жеткізу.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Әлеуметтік бағытталған алғашқы медициналық-санитариялық көмек негізінде медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.
  • Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
  • Емхананы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
  • Емхананы қымбат жабдықтармен жарақтандыру.

 

МІНДЕТТЕР:

  • Тіркелген халыққа емдеу мен алдын алудың сапасын жақсарту.
  • Әйелдердің денсаулығын нығайту.
  • Балалардың денсаулығын нығайту.
  • Госпитализация деңгейін төмендету, алғашқы медициналық көмек деңгейінде басқарылатын аурулар кезінде өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.
  • Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау.
  • Туберкулезге қарсы күрес.
  • Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу.
  • Салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен байланысты әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейін төмендету мәселелері бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекеттесу.
  • Халыққа профилактикалық тексерістер жүргізу.
  • Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің жаңа моделін жетілдіру.
  • АМСК қаржыландыруды жетілдіру.
  • Медициналық қызметтердің сапасын арттыру.
  • Медициналық көмектің сапасы мен мәдениетін арттыру, қазіргі заманғы медициналық ғылым мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру жетістіктерін тәжірибеге енгізу, санитариялық-гигиеналық нормаларды және салауатты өмір салтын халыққа насихаттау.
  • Халық үшін медициналық көмектің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • Қызмет көрсету сапасы мен халықтың қанағаттануын арттыру арқылы емхананың басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру.
  • Дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу.
  • Біздің мекеме ауруларды тексеру мен емдеудің жаңа ғылыми технологияларының сенімді және кепілдендірілген көзі болып табылады.
  • Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, біз басты міндетімізді тексеруді және емдеуді қажет ететіндердің барлығына білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету деп санаймыз. Ұйымның күш-жігері халықты тексеру, денсаулық көрсеткіштерінің ауытқуын ерте анықтау, сапалы тиімді медициналық көмек көрсету және профилактикалық қызметті жүзеге асыру арқылы адамдардың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

  • Командалық рух – емхананың қызмет нәтижесі үшін ортақ жауапкершілік
  • Кәсібилік – өзін-өзі дамыту және кәсіби білімді жетілдіру бағытындағы тұрақты жұмыс
  • Жаңашылдық – адамның шығармашылық қабілеті мен дарынын көрсетуге жағдай жасау
  • Тәлімгерлік – еңбек мәдениеті мен корпоративтік құндылықтарды сіңіру және тәжірибе алмасу
  • Жеке тұлғаның қадір-қасиетіне, құқықтары мен бостандығына құрметпен қарау