Зорлық-зомбылық-адамның құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзу / Насилие является грубым нарушением прав и свобод человека
Зорлық-зомбылық адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзу болып табылады және жер шарының түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдар үшін ұзаққа созылатын салдары бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде әлемде сексуалдық зорлық-зомбылықтың 1,3 миллиард құрбаны бар және әрбір үшінші әйел өмірінде зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл деректер зорлық-зомбылықтың қазіргі замандағы адам құқықтарын бұзудың ең жүйелі және кең таралғаны екенін көрсетеді. Жынысына, нәсіліне, этникалық тегіне, ұлттық тегіне, дініне немесе басқа да жағдайына қарамастан бәріміздің бірдей қарым-қатынаста болуға құқығымыз бар. 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне (25 қараша) арналған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ақпараттық науқаны өтуде. Бұл науқан өзекті мәселелер туралы хабардарлықты арттыру және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы жан-жақты қоғамдық пікірталасқа қолдау көрсетудің таптырмас құралы болып табылады. Біз «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына бірлесіп қосыламыз және барлық мүдделі тараптарды әрбір адамның зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қолдауға шақырамыз! Біз бірге зорлық-зомбылықсыз әлем құра аламыз, онда әркімнің өз әлеуетін толық іске асыру үшін жеткілікті ресурстары мен тең мүмкіндіктері бар.
Насилие является грубым нарушением прав и свобод человека и порождает долгосрочные последствия для миллионов людей во всех уголках земного шара. По данным Организации Объединенных Наций, сегодня в мире насчитывается 1,3 миллиарда пострадавших от сексуального насилия, и каждая третья женщина в течение своей жизни подвергается насилию. Эти данные свидетельствуют о том, что насилие является одним из самых системных и распространенных нарушений прав человека в наше время. Мы все имеем право на равное отношение, независимо от гендерной принадлежности, расы, этнической и национальной принадлежности, религии или другого статуса. С 25 ноября по 10 декабря в Казахстане проводится информационная кампания «16 дней без насилия», приуроченная к Международному дню борьбы за ликвидацию насилия в отношении женщин и детей (25 ноября). Эта кампания является бесценным инструментом для повышения осведомленности об актуальных проблемах и поддержания комплексных общественных дискуссий о насилии в отношении женщин и детей. Мы коллективно присоединяемся к кампании «16 дней против насилия» и призываем всех заинтересованных лиц, поддержать право каждого человека на жизнь без насилия! Вместе мы сможем создать мир, свободный от насилия, где каждый имеет достаточные ресурсы и равные возможности для полной реализации своего потенциала.