Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Балаларды қорғау күні құтты болсын!
Жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл мереке 1949 жылы қарашада Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы Кеңесі сессиясының шешімімен құрылды. Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде өткізілді. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы елдің әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік сипаттамаларының бірі болып табылады. Өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын ұстануға тұрақты бағдарларды қалыптастыру, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыру, сондай – ақ балаларды қорғау күнін өткізу шеңберінде 1 маусымда біздің емхананың аумағында
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
Профилактикалық акциясы ұйымдастырылып,өткізілетін болады. Осы күні емханада қабылдауда болатын барлық балалар үшін мерекеге орай балалар бөлімі шарлармен, түрлі-түсті құттықтаулармен безендіріледі. Әрбір кішкентай пациент сыйлықтар мен салауатты өмір салты туралы ақпарат алады
Бұл жақсы мереке ұрпақты жақындастырады. Бұл балалармен қатар олардың ата-аналары үшін де маңызды. Бала — бұл ең құнды байлық. Әрине, жас ұрпаққа жылына бір рет емес, жыл бойы қамқорлық жасау қажет. Алайда балаларды қорға у күнінде сіз кішкентайыңызға әдеттегіден көбірек жылулық пен қуаныш сыйлай аласыз.
Кішкентай пациенттеріміздің құрметті ата-аналары!
Сіздердің балаларыңыздың алаңсыз, бақытты балғын балалық сәттері таусылмасын. Әр баланың дені сау және ата-анасының қамқорлығында, махаббатқа бөленіп өссін. Аспанымыз ашық, әр күніміз жарқын болсын. Балаларыңыздың бақыты мен қауіпсіздігіне Сіз жауапты екеніңізді естен шығармаңыз.