Халықаралық отбасы күні

Жыл сайын 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні алғаш рет БҰҰ – ның Бас Ассамблеясында 1993 жылғы 20 қыркүйекте Халықаралық Отбасы күні болып жарияланды. Отбасы-сүйіспеншіліктің, сыйластықтық пен ынтымақтастықтың қайнар көзі.Кез-келген өркениетті қоғам осы құндылықтар арқылы құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Сондықтан отбасылардың әл-ауқатына мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуі керек.
Отбасы — қоғамның бір бөлігі, отбасы жайында маңызды жерлерде көп айтыла берімейді, көлеңкеде қалып қояды. Алайда отбасы-бізді өмір бойы қоршап тұрған ең жақын адамдар, бұл махаббат, түсіністік пен ізгі ниет, қоғам мүшесінің қалыптасуы мен дамуына серпін беретін ерекше орта.
«Отбасы» деген сөздің өзінің мән-мағынасы мен астары өте тереңде.Отбасы, ошақ қасының мақсаты адам бойынша жылу сыйлап, соны сақтап тұру болса, адам баласының міндеті ұрпақ жалғау және оған тәлім-тәрбие беру, осы сабақтастықты үзбей жалғастыру болып табылады. Қоғамның негізі бола отырып, отбасы мәдени дәстүрлердің, жалпыадамзаттық құндылықтардың және ұрпақ сабақтастығының сақтаушысы болып қала береді.
Құрметті пациенттер!
Отбасы-бұл адамның өз қолымен жасайтынбаға жетпес байлығы. Бүгін, Халықаралық Отбасы күні мерекесі қарсаңында біз Сізге үйіңізде сәбидің сыңғыры үзілмей, отбасыңыз аман, деніңіз сау, бауырыңыз бүтін болуын тілейміз. Отбасыңыздағы татулық пен мейірімнің жібі сөгілмесін, әр күндеріңіз шатық пен қуанышқа, бақыт пен махаббатқа толы болсын.