«Бір рет ауырып, екпе жасамаған жақсы. Табиғи иммунитет жеңе алады…»
Табиғи иммунитет бір инфекциядан кейін пайда болады, ал вакцина кейде екі немесе одан да көп дозаны енгізуді қажет етеді. Алайда, табиғи инфекциялар денсаулыққа түзетілмейтін зиян келтіруі немесе антиденелерге бейімделуі және қайта инфекцияларға әкелуі мүмкін.
Табиғи инфекциялар ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін
Қызамық туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін; b типті гемофильді инфекция (Hib) ақыл-ойдың тежелуіне әкелуі мүмкін; B гепатитінің вирусы бауыр қатерлі ісігін тудыруы мүмкін; желшешек– пневмония; полиомиелит сал ауруы, қызылшаның асқынуы өлімге әкелуі мүмкін.
Мысалы, 1964-65 жылдары АҚШ-тағы қызамық эпидемиясы 12,5 млн адамды жұқтырды, 2 100 нәрестенің өліміне әкеліп соқты және 11 250 түсік тастады. Бірақ вакцинация нәтижесінде 2014 жылы АҚШ-та инфекцияның тек 9 жағдайы тіркелді.
Вакциналар ауыр зардапсыз және асқынусыз, ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастырады.
Вакцинация кезінде дозаны және әсер ету уақытын бақылауға болады
Адам бактериялардың және вирустардың табиғи түрде әсеріне ұшыраған кезде, олардың дозасы өте жоғары болады. Тиісінше, иммундық жауап реакциясы мен белгілері де күшті болады. Вакциналарды әзірлеу кезінде қорғаныш иммундық жауап үшін қажетті бактериялар мен вирустардың ең аз мөлшері ескеріледі, осылайша жағымсыз белгілердің алдын алады.
Мысалы, желшешекке қарсы вакцинаның бір дозасы аурудың ауыр түрлерінің алдын-алу үшін 100% тиімділікпен және 10 жыл бойы кез-келген желшешек формасынан қорғаудың 82% тиімділігімен жеткілікті болады. Сондай-ақ, егер табиғи инфекция кезінде, инфекция жұқтырудың нақты орны мен уақыты белгісіз болса, вакцина мен ағзаның өзара әрекеттесуі туралы барлық ақпарат біздің қолымызда және осы процесті бақылай аламыз.
Вакциналар кейбір ауруларға жақсы иммунитет береді
Папиллома вирустық вакцина — вакцинадағы арнайы ақуыздың жоғары тазалығына байланысты иммундық қорғанысты табиғи инфекцияға қарағанда жақсы қалыптастырады.
Сіреспемен бірге: көбінесе ауруды тудыратын токсиндердің мөлшері ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Сондықтан сіреспемен ауыратын науқастарға көбінесе ауру кезінде сіреспеге қарсы егу ұсынылады.
b типті гемофильді инфекцияға қарсы вакцинация: 2 жасқа дейінгі балалардың иммундық жүйесі b типті гемофильді инфекцияның (Hib) бетіндегі полисахарид қабығына қалыпты жауап бере алмайды, бірақ вакциналар бұл полисахаридті көмекші ақуызбен байланыстырады, осылайша табиғи инфекцияға қарғанда жақсы қорғаныс тудырады. Сондықтан Hib-мен ауыратын 2 жасқа дейінгі балаларға да вакцинация ұсынылады.
Вакциналар қу вирустарды алдайды
Коронавирустар, соның ішінде Covid-19, жасушаларды одан да тиімді жұқтыру үшін оларға қарсы антиденелерді қолдана алады. Бұл құбылыс «антиденеге тәуелділікті күшейту» деп аталады.
Бірақ, Пфайзер және Модерна компаниялары бұл мүмкіндікті ескеріп, вакциналарды тек «сапалы» антиденелердің пайда болатындай етіп жасады, осылайша инфекция кезінде ауыр зардаптардың пайда болу қаупін болдырмады. Сондай-ақ, «Спутник-V» вакцинасының аралық нәтижелерінде вакцинаның антиденелері вирустың өзіне қарағанда «сапалы» екендігі айтылды.
Әдеби көздері
https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/26908671/
https://www.who.int/immunization/position_papers/PP_Rubella_Aug_2011_RU.pdf
https://vlast.kz/obsshestvo/41305-ucenye-o-vakcine-ot-kovid-19.html