«Вакциналарда алюминий деп аталатын ауыр металл бар. Бұл балаларда аутизмнің дамуына әкеледі.»
Алюминий – бұл планетадағы ең көп таралған жеңіл металл. Ол топырақта, ауада, суда және кейбір өсімдіктерде кездеседі. Адам ағзасы күн сайын алюминийдің белгілі бір мөлшерін тұтынады.
Алюминий вакциналарда гидроксид және тұздар түрінде болады: алюминий гидроксифосфат сульфаты, алюминий фосфаты, алюминий сульфаты. Ол вакцинадағы антигенге ағзаның иммундық реакциясын күшейтетін химиялық қосылыс, яғни адъювант ретінде қолданылады. Алюминийдің адъювант ретіндегі әсері 1926 жылы сипатталған және бүгінгі күнге дейін көптеген вакциналарда қолданылады.
Вакциналардағы алюминий қосылыстарының концентрациясы бірнеше клиникалық зерттеулерде зерттелді, бұл нәрестелерде вакциналарда алюминийдің болуына байланысты жағымсыз салдардың пайда болу қаупі өте аз екенін растайды.
Түсінікті болу үшін кейбір вакциналар мен басқа заттардағы алюминий дозаларын салыстырайық:
Вакциналардағы алюминий дозалары | Басқа заттардағы алюминий дозалары |
Пневмококқа қарсы вакцина: 0.125 мг/доза | Емшек сүті: 0.04 мг/л |
Гемофильді бациллаға қарсы вакцина: 0.225 мг/доза | Балалар қоспасы: 0.225 мг/л |
Менингококқа қарсы вакцина: 0.25-0.52 мг/доза | Аспирин: 10-20 мг/л |
Осылайша, вакциналарға қарағанда, балалар өмірінің алғашқы алты айында тамақ арқылы әлдеқайда көп алюминий мөлшерін бойына сіңіреді.
7 жасқа дейін барлық вакциналардың құрамында бала шамамен 3.6 мг алюминий гидроксидін алады. Бұл доза бір реттік енгізгенде де улы емес.
Әдеби көздері