Диетада тұзды шектеу-денсаулықты жақсартудың жолы!
Үстелде тұз болу керек пе, жоқ па? Тұз екі химиялық элементтен тұрады — натрий мен хлор, олар адам ағзасына өте қажет. Натрий адам ағзасындағы сұйықтық мөлшерін реттейді, ал хлор асқазанда тұз қышқылының түзілуін ынталандырады, бұл тағамның қалыпты қорытылуы үшін қажет. Табиғи ортада натрий мен хлордың химиялық элементтері әртүрлі тағамдарда кездеседі: жұмыртқа, жарма, ет, көкөністер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұзды тұтынуды тәулігіне 5 граммға дейін төмендетуді ұсынады (бір шай қасық)! Соңғы зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, орташа есеппен адам күніне 11-12 грамм тұзды тұтынады, бұл рұқсат етілген мөлшерден екі есе көп. Натрийді тек ас тұзымен ғана емес, сонымен қатар консерванттар (натрий нитраты), дәмдік қоспалар (натрий глутаматы) немесе пісіру ұнтақтары (натрий гидрокарбонаты) түріндегі басқа натрий қосылыстарымен де тұтынатынымызды есте ұстаған жөн.
Денедегі артық тұз денсаулыққа кері әсер етеді:
*қан қысымының жоғарылауына әкеледі;
- ми мен жүрек тамырларының атеросклерозының, миокард инфарктісінің және ми инсультінің дамуына ықпал етеді;
- есте сақтау қабілетін нашарлатады және өнімділікті төмендетеді;
- ағзадағы судың сақталуын ынталандырады, бұл бүйректің жұмысын нашарлатады, сонымен қатар семіздікке ықпал етеді;
- калий жетіспеушілігіне және кальцийдің жоғалуына әкеледі (сүйектің беріктігінің төмендеуімен және сыну қаупінің жоғарылауымен сипатталатын остеопорозға әкелуі мүмкін.);
- буындар мен тіндерде жиналып, олардың құрылымын өзгертеді және функцияларын бұзады.
Әдетте, көптеген адамдар өз ағзасына тамақпен бірге түсетін тұз мөлшері туралы ойламайды — мүмкін болса, оны ұсынылған бес граммнан асырмау керек.