Құрметті пациенттер!
2023 жылғы 23-29 қаңтар аралығында Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алудың халықаралық апталығы өткізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты- жатыр мойны обыры, аналық без және басқа локализация, қатерлі ісіктердің даму қаупі факторлары, ерте уақтылы диагностика, цитологиялық скрининг мүмкіндігі туралы халықты хабардар ету, проблемаларға назарын аудару.
Жатыр мойны обыры әйелдердің ұрпақты болу денсаулығының ең маңызды медициналық және әлеуметтік проблемаларының бірі болып табылады. Соңғы онжылдықтарда жас, әлеуметтік және ұрпақты болуға белсенді әйелдерде бұл аурудың жиілігінің жоғарылау үрдісі байқалды.
Қазіргі уақытта мыңдаған әйелдердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы – алдын алу. Бұл жатыр мойны жасушаларындағы өзгерістерді ерте кезден анықтауды қамтиды. Мұны жағындыны алу арқылы скринингтік тексеруден өтіп жасауға болады. Өзіңіздің тыныштығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін уақытында скинингтік тексерулерден өтіңіз. Іс-шаралар шеңберінде Қарағанды онкологиялық диспансері 2023 жылғы 28 қаңтар сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу бойынша Ашық есік күнін өткізеді.