Аса қауіпті және зооантропонозды ауруларының алдын алу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел
Қазыбек Би Ауд Сэбб в Instagram : «15.11.2022ж. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында мамандары Қарағанды облысы «ҰСО» филиалының аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі Г.К.Кәрібаеваның, емдеу профилактикалық мекемелері (ЕПМ), «Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі өкілдерінің, «Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясы» КМК басшысының және травматологиялық пункт дәрігерлерінің қатысуымен аса қауіпті және зооантропонозды ауруларының алдын алу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел жүргізілді.
Жиналыс барысында басқарма мамандары қатысушыларға жануарлар арасында бруцеллез, күйдіргі, құтыру ауруларының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шараларды жүргізу және құтырмаға, күйдіргіге қарсы екпелерді уақытылы алудың маңыздылығы жайлы баяндама жасады.
Сонымен қатар Қарағанды облысы «ҰСО» филиалының аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі Г.К. Кәрібаева аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы туралы және емдеу профилактикалық мекемелерінің өкілдеріне листериоз ауруының алдын-алу үшін есепте тұрған күрделі гинекологиялық анамнезі бар жүкті әйелдердің уақытылы листериозға тексеріліп отырудың маңыздылығы жайлы түсіндірілді.