Жаңа –арқа ауданының шалғай ауыл халқы медициналық тексерістен өтті
Облыс пен аудан орталықтарынан шалғай жатқан елді мекендер көп. Ол жерлердің халқы медициналық көмек алу үшін ұзақ жол жүруі керек. Осы мәселені оңтайландыру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Медицина жанымызда» атты әлеуметтік акция бастады.
Өткен айда «Қарағанды қаласының №5 емханасы» КМК дәрігерлері Жаңа –арқа ауданына барды. Ауданның АқтауКөктал, Ақтүбек ауылдары облыс орталығынан — 210, аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Дәрігерлер жылжымалы медициналық комплекспен аталған ауылдарды аралап, тұрғындарды медициналық тексерістен өткізді. Хирург, гинеколог, стоматолог, УЗД дәрігерін, офтальмолог мамандар азаматтарды қабылдады. Біріне жолдама берсе, біріне дәрі-дәрмек жазып берді. Барлығы 30 күн көлемінде ауданның шалғай ауылдарының 7000 мыңға жуық тұрғындарын қарап шықты. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, қауіпті факторларды анықтау бойынша дәріс оқыды. Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жарна төлеушілердің міндеттері, қаржыландыру көздері, кімдер жарна төлеуден босатылатындығын, медициналық сақтандырудың бар екендігін қалай анықтауға болатыны туралы жан-жақты айтылды. Тұрғындар риза болды.
Жаңа –арқа ауданының шалғай ауыл халқы медициналық тексерістен өтті
Облыс пен аудан орталықтарынан шалғай жатқан елді мекендер көп. Ол жерлердің халқы медициналық көмек алу үшін ұзақ жол жүруі керек. Осы мәселені оңтайландыру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Медицина жанымызда» атты әлеуметтік акция бастады.
Өткен айда «Қарағанды қаласының №5 емханасы» КМК дәрігерлері Жаңа –арқа ауданына барды. Ауданның АқтауКөктал, Ақтүбек ауылдары облыс орталығынан — 210, аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Дәрігерлер жылжымалы медициналық комплекспен аталған ауылдарды аралап, тұрғындарды медициналық тексерістен өткізді. Хирург, гинеколог, стоматолог, УЗД дәрігерін, офтальмолог мамандар азаматтарды қабылдады. Біріне жолдама берсе, біріне дәрі-дәрмек жазып берді. Барлығы 30 күн көлемінде ауданның шалғай ауылдарының 7000 мыңға жуық тұрғындарын қарап шықты. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, қауіпті факторларды анықтау бойынша дәріс оқыды.
Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жарна төлеушілердің міндеттері, қаржыландыру көздері, кімдер жарна төлеуден босатылатындығын, медициналық сақтандырудың бар екендігін қалай анықтауға болатыны туралы жан-жақты айтылды. Тұрғындар риза болды.