Алғыс 5 поликлиника.

0 голосов
спросил 06 Июнь, 23 от Тилек Бакиров. Муканова 24.114.
ОСКП Бөлім меңгерушісі Графкин Игорь Александровичке үлкен алғыс білдірсем деймін. 3 топ мүгедектігіне өтуге үлкен көмек жасап, қажетті құжаттарды уақытымен дайындап, өз ісінің жауапкершілігі мол маманы екенін көрсетті. Қандай құжат жинау керек екенін білмегендіктен, ол кісі консультация беріп отырды. Нағыз ақ халатты абзал жан екен. Бәрін уақытымен түсіндіріп айтып отыруының арқасында, мен кешегі күні 05.06.23 ж құжаттарымды тапсырып 3 топты алдым. Ешқандай құжаттан қателік кетпеді. Директор ханым (мырза) сізге де рақмет. Осы алдындағы жазбаға уақытында кері байланыс беріп жұмыс жасағандарыңызға. Ешқашан ауырмаңыздар, бала- шағаларыңыздың қызығын көріп бақытты өмір сүріңіздер .көп алғыс сіздерге.

1 Ответ

0 голосов
ответил 07 Июнь, 23 от admin (42,310 баллов)
Құрметті Тілек Жалелұлы!
Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Біздің қызметкерлерімізге айтылған жылы сөздеріңіз үшін үлкен алғыс айтамыз! Сізге және Сіздің отбасыңызға денсаулық пен амандық тілейміз!

Қарағанды қ. №5 емхана директорының блогына қош келдіңіз, онда сіз сұрақтар қойып, жауаптар ала аласыз.

Добро пожаловать на Блог Директора поликлиники №5 г. Караганды, где вы можете задавать вопросы и получать ответы.

Анықтама қызметі / Cправочная служба:
+7 (7212) 55 91 91

...