Мен,Муканова 24,114 пәтер тұрғыны. 2018 жылдан бастап құлағым естімей, VI дәрежеге дейін түсіп кетті. Енді мүгедектікке шығайын десем ВОП құлақ дәрігеріне, құлақ дәрігері ВОПқа сілтеп екі ортада жүргеніме екі апта болды. Ол кісілердің записіне апта бұрын жазылып қойып барғандағы айтатыны лорға бар, лор ВОПқа бар солар айналысады деп сілтейді. Сұрақ, ай сайын ОСМС ні не үшін төлеп отырмыз, осылай жүйкемізге ши жүгірту үшін бе? ВОПқа жазылуым керек, ВОП мені окулист,хирург , невропатологқа консультацияға жазу керек. Одан кейін қайта лорға жазылуым керек. Содан кейін барып лор втекқа жібереді екен. Осы шаруаны қалай ретке келтіресіз?