Емханадан ем іздеп барып,ауруханадан шықтым.Масқара!

0 голосов
спросил 30 Апр от Алмагуль
Мен 29.04.19ж.сағ.15.20-дан сағ.16.46-ға дейін 421-каб.-ттің алдында дәрігер эндокринологқа кезекте отырып кіргенмін.Дәрігер Кульмагамбетова Айгуль Уахитовна ашуланып,қабылдамай шығарып жіберді.Себебі,мен жазылмай (без записи)келіппін.Бірақ 26.04.19ж.осы аталған дәрігердің медбикесі 306-каб.-те дәрігерге қоңырау шалып сұрағанда, 29.04.19ж.сағ.15.30-ға келуіме болатындығын айтқан еді.Өйткені 5-сәуір күнгі қабылдауда болғанымда қайта қабылдауға 29-да келу керектігімді өзі ескерткен.Міне,содан бері жазылу жоқ екен.29-күні өздері айтқан уақыт 15.30 келіп,1сағ.16мин.отырып кіргенімде,А.У.Кульмагамбетова менен де басқа "запись"бар дәрігерге бармайсыңба деп ашуланып,анализ қорытындыларын қолыма ұстатып шығарып жіберді. КУЛЬМАГАМБЕТОВА ХАНЫМ!Сізге ауызша түсіндіріп айттым,енді жазбаша да түсіндірейін.Менің тапсырған анализ қорытындылары сіздерде болғандықтан ғана бардым.Өзіңіз көрдіңіз медбикеңіз менің жеке куәлігімді алып,іздеп тауып келді.Бұл дәрігердің қабылдауына қашан барсаң да науқас екен демейді ашуланып,ызаланып сөйлейді.Мен Вильсон-Коновалова(гепатоцеребральная дистрофия,дрожательная форма)ауруымен ауырамын.Қазір дірілден кей күндері үйден шығып,жүре де алмайтын кездерім болады.Дәрігер осы күйімді көре тұра неге олай істеді??Емханаға ем іздеп барып,осындай дәрігердің"тамаша емінің"арқасында емханадан жедел-жәрдеммен ауыр күйде ауруханаға түстім.Аурухана дәрігерінің жедел жасаған ем-шарасының арқасында ғана өз-өзіме келдім.Сонда бұл дәрігер үшін науқас адам ит па?Көңілі түссе шақырып,болмаса қуып жіберетін??Мен өз аяғыммен емханаға келіп,коляскамен ауруханадан шыққаным,қиналғаным үшін емхана басшылығынан бұл дәрігерге жаза қолдануын сұраймын!Мен жалғызбасты анамын.Мен ауруханаға түстім,менің кішкентай балам үйде жалғыз қалды.  Менің мүгедектікке шығуға ұсыным жазылған медициналық корытындым да бар.Мүгедектікке шығармақ түгілі,өлтіріп тастайды ма деп қорқатын шығармыз енді?! 1ай бұрын қолым ауырып барып,бәрі жақсы болады дегенге қуанып,рахметімді де айтқанмын!Дұрыс екен ешқандай ем жоқ,қолым сол ауруы ревматолог дәрігерге ЗАПИСЬ күтіп,әлі жүрмін.Осының бәрін емхана басшылығы ретке келтіреме екен??    
 Әлде.....???Тағы бір қызығы,29-на сенде запись жоқ деп қабылдамаған эндокринологқа түнжарымында,яғни 30.04.19ж.сағ. 00:52-де өткен күнмен яғни 29.04.19ж.сағ.12:40 жазып қойыпты.Бұл не мазақ па?

1 Ответ

0 голосов
ответил 08 Май от admin (22,050 баллов)
Құрметті Алмагул! Сіздің өтінішіңіз бойынша дәрігерлік конференцияда талдау жүргізілді. Дәрігер-эндокринолог А. У. Кульмагамбетоваға тәртіптік жаза шарасы шығарылды. Сізге және сіздің әпкеңіз Бағдагүлмен әңгіме жүргізілді. Сіздің мәселеңіз бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі уақытта, медициналық-әлеуметтік бөлімінің мамандарының қорытындысына сәйкес, Сізді есепке алу үшін одан әрі тексерулер жүргізіліп және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді.

Қосымша түсініктеме қажет болған жағдайда, Сіз Пациентті қолдау қызметіне №101 кабинетке немесе 55-92-92 телефоны бойынша  жүгіне аласыз
Добро пожаловать на Блог Директора поликлиники №5 г. Караганды, где вы можете задавать вопросы и получать ответы.
...