
Профилактиканың жаңа бағыттары
Өкпе обыры әлем бойынша онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім себептері арасында бірінші орында тұр және Қазақстанда да қатерлі ісіктен қайтыс болудың ең жиі себептерінің бірі болып қала береді. Қазіргі таңда осы аурудан болатын өлім-жітімді азайтуға тиімділігі дәлелденген жалғыз скрининг әдісі – төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ).
Жаңа скрининг заманауи бейнелеу әдістерін қолдану арқылы бронхтар мен өкпенің қатерлі ісіктері бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын, жасы 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жасқа толатын ерлер мен әйелдерге жүргізіледі.
Тексеруден күніне бір қорап темекі шегіп, темекі шегу өтілі 20 жыл және одан көп болатын азаматтар өте алады. Бұл құқық қазіргі шылым шегушілерге де, сондай-ақ темекіні 15 жылдан аз уақыт бұрын тастаған бұрынғы шылым шегушілерге де беріледі.
Сондай-ақ скрининг соңғы 10 жыл ішінде Еңбек министрлігінің тиісті тізбесінде көрсетілген кәсіптер бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға да қарастырылған.
Аталған скрининг екі жылда бір рет, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылғанына қарамастан, барлық азаматтарға тегін, кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында жүргізіледі.
Новые направления профилактики
Рак легкого занимает первое место по смертности среди онкологических заболеваний во всём мире и остаётся одной из наиболее распространённых причин смерти от рака в Казахстане. Пока единственный метод скрининга, который действительно помогает снизить смертность от этого заболевания, — низкодозная компьютерная томография (НДКТ).
Новый скрининг будет проводится с помощью современных методов визуализации для мужчин и женщин, которым исполняется 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 лет, не состоящих на динамическом наблюдении с злокачественными новообразованиями бронхов и легких.
Право на обследование получат курильщики со стажем одной пачки в день на протяжении 20 лет и более — как нынешние, так и бывшие, если они отказались от курения менее 15 лет назад.
Скрининг также предусмотрен для людей, которые в течение последних десяти лет работали во вредных условиях труда по профессиям, указанным в соответствующем перечне Минтруда.
Данный скрининг будет проводится раз в два года бесплатно в рамках гарантированного объема медицинской помощи всем гражданам, независимо от наличия страховки ОСМС.