Иммундау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.
Әрбір ата-ана баласына екпе салдыру немесе салдырмау туралы шешім қабылдайды. Төменде иммундау бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен мамандардың жауаптарын ұсынамыз:
Иммундау бойынша жиі қойылатын сұрақтар.
Әрбір ата-ана баласына екпе салдыру немесе салдырмау туралы шешім қабылдайды. Төменде иммундау бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен мамандардың жауаптарын ұсынамыз:
Жауап:
Вакцинация – бұл инфекциялық аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда оларды оқшаулап жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Қандай инфекцияларға және қандай мерзімдерде екпе жүргізілетіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысы «Алдын алу екпелері жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережелерін және жоспарлы егулерге жататын халық топтарын бекіту туралы»).
Халыққа вакцинациялау Ұлттық егулер күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық ауруға қарсы тегін жүргізіледі.
Қазақстанда халықты иммундау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу рәсімі – бұл бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс және вакциналардың сапасын ең заманауи құралдармен жабдықталған Республикалық иммунобиологиялық зертханада зертханалық бақылауды қамтиды.
Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне жан-жақты талдау жасалады, қосалқы заттарға, тұрақтылыққа, ерекшелікке, сезімталдыққа және басқа көрсеткіштерге баға беріледі. Тіркеуге ұсынылған вакцина өндірілген елде мемлекеттік тіркеуден өтуі, сондай-ақ сол елде және басқа елдерде клиникалық қолданылуы бойынша деректерге ие болуы тиіс. Бұдан бөлек, вакциналардың сапасы эпидемиологиялық тиімділігімен, яғни вакцина қолдану нәтижесінде сырқаттанушылықтың төмендеуімен дәлелденуі қажет.
Балаларды сапасы кепілдендірілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған өндірістен шыққан вакциналар сатып алынады. Сонымен қатар, Қазақстанда вакциналарды қолданудың халықаралық тәжірибесін, жаңа және қолданылып жүрген вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін жан-жақты зерттейтін және осының негізінде Ұлттық егулер күнтізбесін жетілдіру бойынша мемлекеттік органға ұсыныстар беретін түрлі денсаулық сақтау салаларының ғалымдарынан құралған Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комитет (ИҰКК) құрылғанын атап өткен жөн.
Жауап:
Алдын алу егелерін жүргізу мерзімдері жайдан-жай белгіленбейді. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған, мұқият зерттелген ғылыми деректерге негізделген. Мысалы, анадан берілетін антиденелер баланың ағзасында қысқа уақыт сақталады: дифтерияға қарсы – 2–3 ай, қызылшаға қарсы – 6 айға дейін, ал туберкулез бен В гепатитіне қарсы бала мүлдем қорғанышсыз туылады.
Осы ерекшеліктер вакцинациялау мерзімін анықтағанда ескеріледі. Осыған байланысты, бала туберкулез және В гепатитіне қарсы туғаннан кейінгі алғашқы күндері, ал дифтерияға қарсы 2–3 айында егіледі.
Қазақстанда қандай инфекциялық ауруларға қарсы вакцина егілетінін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысымен бекітілген «Алдын алу екпелері жүргізілетін аурулардың тізб
Жауап:
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері бір дозаға бірнеше антиген енгізілген біріктірілген вакциналарды қолдануға көшуде. Мұндай вакциналар инъекция санының азаюына, егуден кейінгі жалпы реакциялардың төмендеуіне мүмкіндік береді және бірнеше инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Алайда, мұндай вакциналардың қымбат болуына байланысты барлық елдердің оларды қолдануға мүмкіндігі жоқ.
Баланың иммундық жүйесі 10⁹–10¹¹ антигенге дейін жауап бере алады, ал біріктірілген вакциналармен ағзаға ең көбі 25 антиген ғана енгізіледі. Бұл ретте қазіргі таңда Қазақстанда ацеллюлярлы (жасушасыз) АКДС вакцинасы қолданылып жүргенін ескеру қажет, ал 2013 жылға дейін қолданылған бұрынғы тұтасклеткалы көкжөтел компоненті бар АКДС вакцинасында шамамен 3000 антиген болған. Сонымен қатар, қазіргі заманауи біріктірілген вакциналардың негізгі өндірушілері — Еуропа елдері (Франция, Ұлыбритания, Бельгия).
Жауап:
Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 156-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде алуға құқылы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау құқығы бар және заңмен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.
Профилактикалық екпе жүргізер алдында медициналық қызметкер егілетін адамды тексереді. Медициналық қызметкер оған немесе оның заңды өкіліне профилактикалық екпе, мүмкін болатын жанама әсерлер, екпеден бас тартудың салдары, сондай-ақ мүмкін болатын поствакциналық асқынулар туралы толық және объективті ақпарат береді.
Профилактикалық екпе жүргізудің шарты — жазбаша түрде берілген келісім немесе бас тарту болуы. Иммунитет әрбір адамда жеке қалыптасады және ол нақты адамның жеке қорғанысын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ұжымдық (популяциялық) иммунитет қалыптастыру мәселесі де маңызды. Ұжымдық (популяциялық) иммунитет — бұл қауымдастықтың инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті. Ол вакцинациялауға жататын белгілі бір топтағы адамдарды (мақсатты жас топтары, қауіп тобы) жоғары қамту арқылы іске асады, бұл инфекцияның бір сезімтал адамнан екіншісіне берілу және таралу қаупін азайтады.
Егулер тек жеке денсаулық үшін ғана емес, қоғамның денсаулығы үшін де жүргізіледі (ауру жұқтырған адам инфекция көзіне айналып, басқа адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін). Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін халықтың вакцинацияға жататын бөлігінің 95%-ын қамту қажет.
Иммундау бойынша халықты толық қамтымау, әсіресе бірнеше жыл қатарынан, инфекцияға сезімтал адамдар санының жиналуына алып келеді, соның салдарынан инфекциялық аурулардың өршуі мүмкін.
Адамзат тарихы дәлелдегендей, денсаулық сақтау саласындағы ешбір басқа шара аурушаңдық пен өлім-жітімді иммундау сияқты тиімді әрі қауіпсіз төмендетпейді. Вакцинациямен қамтудың төмендеуі ұжымдық қорғаныстың жоғалуына, соның салдарынан инфекциялық аурулардың таралуына әкеледі.
Өз уақытында Қазақстанда иммундау жұмысының үзілуі сезімтал тұлғалар санының артуына және дифтерияның өршуіне себеп болды: 1995 жылы республикада 1105 адам дифтериямен ауырып, оның 66-сы қайтыс болды. Ал қызылшаға қарсы иммундау 2016 жылы бұл аурудың өршуін бақылауға мүмкіндік берді — 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қызылшамен сырқаттану деңгейі 19,5 есе төмендеді (2015 ж. – 2341 жағдай, 2016 ж. – 122 жағдай).
Жауап:
Ата-аналардың профилактикалық егулерден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Сонымен қатар, ұйымдасқан ұжымда инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, егілмеген балалардың сырқаттану қаупі өте жоғары болады, әрі ауыр асқынулармен және өлім-жітіммен аяқталуы мүмкін. Осыған байланысты егілмеген балалар сырқаттанушылық тоқтағанға дейін балалар мекемелеріне барудан уақытша шеттетілуі тиіс, себебі олар инфекцияларға қарсы қорғанышсыз болып табылады.
Инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу мақсатында балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдауды профилактикалық егулерден кейін жүргізу ұсынылады.
Жауап:
Жеке клиникалар мен мемлекеттік емханалардағы вакциналардың сапасы мен тиімділігі арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 2013 жылға дейін жеке клиникаларда реакция тудыру ықтималдығы төмен ацеллюлярлы (жасушасыз) көкжөтел компоненті бар вакциналар қолданылған, ол тұтасклеткалы көкжөтел компонентімен салыстырғанда қауіпсіздеу болғанымен, инфекциядан қорғану тиімділігі жағынан бірдей болатын. 2013 жылдан бастап Қазақстанда тұтасклеткалы көкжөтел компоненті бар вакциналардан бас тартып, ацеллюлярлы компоненті бар вакциналарға толық көшу жүзеге асырылды, бұл вакциналар әлдеқайда қымбат болғанына қарамастан.
Сондықтан қазіргі уақытта республикадағы мемлекеттік емханаларда да ацеллюлярлы көкжөтел компоненті бар заманауи вакциналар (пента және гекса вакциналар) қолданылады.
Сонымен қатар, балаларды сапасы кепілдендірілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған өндіріс орындарынан вакциналар сатып алынады.
Жауап:
Әрбір елде бекітілген өзінің профилактикалық екпелер күнтізбесі бар. Елдегі өмір сүру деңгейі жоғары болған сайын, профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулардың тізімі де кең болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді және дамыған елдердің, соның ішінде Батыс елдерінің (Австрия, Израиль, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне ұқсас.
Батыс Еуропа елдерінің егулер күнтізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесінен кеңірек: қосымша желшешекке, ротавирустық инфекцияға және адам папилломасы вирусына қарсы екпелер бар.
Кейбір елдер профилактикалық егулерсіз кіруге тыйым салады. АҚШ пен Ұлыбританияның оқу орындарында білім алу үшін барлық профилактикалық егулердің болуы міндетті.
Америкада білім алу үшін студенттерде де барлық профилактикалық егулердің болуы талап етіледі.
Сауд Арабиясына қажылыққа бару үшін менингококк инфекциясына қарсы вакцинация талап етіледі, ал Бразилия, Боливия, Колумбия, Кения және басқа да Африка елдеріне кіру үшін сары безгекке қарсы вакцинация болуы қажет.
Қазақстан Республикасы — әлемдегі халықты вакцинациялау толығымен мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін санаулы елдердің бірі. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат инфекциялық аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда — оларды оқшаулап жоюға бағытталған.
Жауап:
Вакциналар — бұл белгілі бір инфекциялық аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерден немесе олардың компоненттерінен (қабықшасының бөлшегі, гені) дайындалатын препараттар. Вакцина аурудың өзін емес, иммунитетті тудыру үшін қолданылады, сондықтан инфекция қоздырғышы арнайы өңделіп, өлтіріледі немесе әлсіретіледі.
Өндіру технологиясына байланысты вакциналар бірнеше топқа бөлінеді: тірі және өлтірілген вакциналар. Вакцинаның тұрақтылығы мен стерильдігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына антигенмен қатар арнайы заттар — консерванттар қосылады. Ең кең таралған консервант — мертиолят (сынаптың этил қосылысы), ол бактерицидтік қасиетке ие және 1930 жылдардан бері вакциналарда, көзге арналған тамшыларда және линзаларды жууға арналған сұйықтықтарда қолданылады. Бір доза вакцинада болатын мертиоляттың мөлшері өте аз — 0,003–0,01%. Бұл адамның бір күнде ауа мен тағам арқылы алатын сынап туындыларының мөлшерінен аспайды.
Мертиолят ағзадан ішек арқылы бір апта ішінде белсенді түрде шығарылады. Мертиолят тек көпдозалы қаптамада шығарылатын вакциналарда ғана қолданылады.
Қазақстанда балаларға арналған вакцинация үшін қолданылатын вакциналар бір реттік (бірдозалы) қаптамада шығарылады және олардың құрамында мертиолят болмайды. Бұған қоса, вакциналарда иммундық антигендерді өсіруге қолданылатын қоректік ортадан немесе өндіріс барысында қолданылған антибиотиктерден қалған іздік мөлшердегі заттар болуы мүмкін. Алайда бұл заттар қажет емес болғандықтан, ең заманауи тазарту әдістерімен толығымен жойылады.
Бүгінгі күні қолданылып жүрген вакциналар тіпті 20 жыл бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деңгейде тазартылған. Оларды тазарту процесі өндірушілер тарапынан да, сондай-ақ вакциналарды импорттайтын елдердің тарапынан да қатаң бақыланады.
Жауап:
АКДС вакцинасының құрамындағы компоненттер көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл аурулармен ауыру ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: — көкжөтелден кейін балаларда 20% жағдайда пневмония, 0,7–76% жағдайда жүйке жүйесінің зақымдануы, ал 0,25–4% жағдайда өлім тіркелуі мүмкін; — дифтериядан кейін жүрек зақымдануы 60%-ға дейін, жүйке жүйесі зақымдануы 75%-ға дейін, өлім-жітім — 30%-дан асады; — сіреспеден кейін өлім-жітім өте жоғары — 25–70%. Сондықтан бұл инфекцияларға қарсы вакцинациядан бас тартуға болмайды.
Посткеңестік кеңістікте Қазақстан — Иммундау жөніндегі Ұлттық консультативтік комитеттің ұсынысы бойынша, көкжөтелдің ацеллюлярлы (жасушасыз) компоненті бар АКДС вакциналарына көшкен жалғыз ел. Бұл вакциналар тұтасклеткалы вакциналардан әлдеқайда қымбат болса да, таңдалды.
Сонымен қатар, АКДС вакцинасы бес және алты компонентті біріктірілген вакциналардың құрамына кіреді. Мұндай иммундау бірнеше инфекцияға бір мезгілде қарсы қорғаныс қалыптастырады. Бұл ретте балада психологиялық жарақат алу қаупі төмендейді және иммундаудан кейінгі жағымсыз реакциялар ықтималдығы азаяды.
Жауап:
Вакциналарды сақтайтын және тасымалдайтын барлық ұйымдар (жеткізуші қоймалар), сондай-ақ иммундау жүргізетін ұйымдар (емханалар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, ФАП-тар) жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандар болып табылады және Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары тарапынан жылына кемінде 2 рет арнайы тәртіппен тексеріледі. Вакциналарды сақтау және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде олар «суық тізбек» талаптарына сәйкес (яғни +2-ден +8 °C-қа дейінгі температурада) салқын жағдайда тасымалданады.
Қажетті температуралық режимді қамтамасыз ету үшін вакциналарды жеткізушілер мен барлық медицина қызметкерлері «суық тізбек» талаптары бойынша арнайы нұсқаулықтан (оқытудан) өтеді. Вакциналарды алыс қашықтыққа тасымалдау үшін арнайы авторефрижераторлар, сондай-ақ жол бойында (қалаға да, ауылға да) оңтайлы температураны сақтауға мүмкіндік беретін арнайы термоконтейнерлер бар. Вакциналарды сақтау орындары (қоймалар) арнайы тоңазытқыш жабдықтармен (камералар, бөлмелер, тоңазытқыштар, мұздатқыштар) жабдықталған, онда тәулігіне екі рет температуралық режимнің сақталуы тексеріледі.
Барлық егу кабинеттері (қалалық және ауылдық) вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен және тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен қамтамасыз етілген.
Жауап:
Қазақстан бойынша жыл сайын өз балаларына екпе салдырудан бас тартатын ата-аналар саны артып келеді, көбінесе бұл бас тартулар діни көзқарастармен байланысты. Жеткен жетістіктердің арқасында көптеген адамдар инфекциялардың қаншалықты ауыр өтетінін ұмыта бастады. Нәтижесінде инфекциялар мүлдем жойылғандай жалған әсер қалыптасты. Осыған байланысты екпенің қажеттілігіне күмән пайда болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – ТҚҚК) және оның аумақтық органдары вакцинациядан бас тарту себептері мен динамикасына мониторинг жүргізеді. 2016 жылы Қазақстан Республикасында профилактикалық егулерден 9685 бас тарту тіркелді, бұл 2015 жылмен (8383) салыстырғанда 13,4%-ға артқан. Бас тартулардың ең көп бөлігі 1 жасқа дейінгі балаларға тиесілі – 3982 (41,1%), 1–2 жас аралығында – 2570 (26,5%), 2–5 жас – 2072 (21,4%), 6–15 жас – 617 (6,3%), 16 жастан жоғары – 444 (4,6%). Өңірлер бойынша талдау кезінде бас тартулардың ең жоғары үлесі Ақтөбе (19,2%), Оңтүстік Қазақстан (13,2%), Маңғыстау (11,5%) облыстарында және Алматы қаласында (12,9%) тіркелгені анықталды.
Бас тартулардың негізгі себептері — жеке көзқарастар – 45% (4360), діни сенімдер – 42,9% (4151), бұқаралық ақпарат құралдарынан (интернет-ресурстар, баспасөз, теледидар) алынған жағымсыз ақпарат – 6,2% (600), ал вакциналарға сенімсіздік білдіргендер – 6,1% (589).
Республика батыс өңірлерінде вакцинациядан діни себептермен бас тарту мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Атырау облысында бас тартулардың 88,9%-ы, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстан облысында – 89,3% діни себептерге байланысты. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында да діни себептермен бас тартудың үлесі жоғары – 71,3%.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан діни бірлестіктер өкілдерімен белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кездесулер барысында дін өкілдері екпе салуға қатысты діннің жағымды көзқарасын білдіріп, бұл ақпарат халыққа жеткізіледі.
Вакцинацияға қарсы белсенді түрде шығатындар көбінесе радикалды діни ағым өкілдері болып табылады. Бұл топпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қиындық туғызады, өйткені олардың вакцинаға қатысты тыйым салу ұстанымдары нақты, олармен байланысу және пікір алмасу өте қиын.
Сонымен қатар, балаға вакцина салу мәселесін шешкенде, ең алдымен ғылыми негізделген ақпарат көздеріне, вакцинопрофилактика саласындағы ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарына сүйену қажет. Ал кездейсоқ адамдар таратқан, медициналық білімі жоқ, нақты ғылыми деректерге және зерттеулерге негізделмеген интернеттегі ақпараттарға сенуге болмайды.
Материал ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтынан алынды