Қашан невропатолог,эндокринолог,хирург дәрігерлерге ЗАПИСЬ болады????

0 голосов
спросил 04 Апр от Алмагүл
Мен 03.04.19ж.сағ.18.15-ке терапевтке жазылған болатынмын.Жазылған уақытпен қабылдау жоқ,кезекке тұрып,1-сағатта әзер кірдім.(Терапевт қабылдауын педиатр жүргізетін болыпты.)Сол жақ иығым ісіп,қолымды көтере алмай,қозғалса қатты ауырып,дәрігер кеңесін алуға келгенмін.Бірақ неге келгенімді түсінбедім.Өзім ақылы УЗИ өтіп,талдауға қан тапсырып,бәрі дайын қорытындысымен келгенмін.Дәрігер тек қана апарған қорытындыларды компьютеріне жазып алды сонымен іс бітті,солай уйге қайттым.Хирургке көрсетуім керек екен,бірақ оған ЗАПИСЬ деген ЖОҚ және әзір болмайды да.Эндокринологқа сұрағанмын,менде АИТ киста бар,жылына бір рет болса да көрінуім керек.Оған да сол ЗАПИСЬ ЖОҚ деген бірауыз сөз және болмайды да,күтпесем де болады.Себебі сол жазылудың өзіне кезек көп,ешқашан кезекке тұра алмауым мүмкін.Мойын омыртқа остехондрозы,Вильсон-Коновалова ауруы,омыртқамда протрузиям бар,бірақ невропатологтың қабылдауына ешқандай тағы да сол ЗАПИСЬ ЖОҚ. Биохимиялық қан талдауындағы билирубин көрсеткіші жоғары болса,ештеңе етпейді бәрі жақсы деген сөз ба?Мені ешқандай дәрігер қабылдамайтын болса,мен сонда кімнен кеңес аламын?Бүкіл емхана бойынша бір ғана маман дәрігерден ба?Қолым ауырғанда жан шыдатпайтын кездері болады.Бұл не сонда???осылай 21-ғасырда дәрігердің көмегінсіз үйде өздерің ойларыңа келген емді жасаңдар немесе өле беріңдер деген сөз ба?Мен өзім жалғызбасты анамын.Балам 1-сынып оқушысы,ол да көп ауырады.Соңғы кезде баламды ақылы дәрігерлерге апаратын болдым.Бұл емханадан қашан жөні түзу ем алып,дәрігердің қабылдауына айқай шусыз кіруге болады екен???

1 Ответ

0 голосов
ответил 05 Апр от admin (21,050 баллов)
Құрметті Алмагүл!
Сіздің өтініміңіз бойынша, бүгін Сіз директордың пациенттерді қолдау және ішкі аудит басқармасы бойынша орынбасарының қабылдауында болдыңыз. Өтінімде көрсетілген барлық сұрақтар мен мәселелерлерге қанағаттанарлық жауап алдыңыз.
Егер де тағы да бір сұрақтарыңыз, ұсынысыңыз болса Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне және 55-92-92 телефон нөмеріне хабарласа аласыз.
Добро пожаловать на Блог Директора поликлиники №5 г. Караганды, где вы можете задавать вопросы и получать ответы.
...